Ауыл

Еңбектуға газ барады

Жуырда жеке кәсіпкер, «Маяк» кемпингінің басшысы Амантай Берденовтің демеушілігімен Еңбекту елді мекеніне ауылішілік газ құбырын жүргізу жұмыстары басталды.

Белгілі кәсіпкер 6 млн теңге көлемінде қаражат бөліп, ауылға газ жүргізу үшін  жобалық-сметалық құжаттар жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізіп беріпті. Қазіргі таңда «Маяк» кемпингінен Еңбекту ауылына дейін газ құбырын жүргізу үшін мердігер ұйымдар қазу жұмыстарын жасауда. Осылайша еңбектулықтар күзге дейін көгілдір отынның игілігін көрмек.

— Қазір Еңбекту ауылында 57 түтін бар. Ауыл шағын болғандықтан, газ құбырын жүргізуде бірқатар қиындықтар болды. Осыны ескеріп, биыл ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуді жөн көрдім. Атап айтсақ, Еңбекту ауылы мен «Маяк» кемпингінің арақашықтығы бір шақырым ғана. Осындай игілікті іске үлес қосу азаматтық парызым деп ойлаймын, — дейді А.Берденов.

Айта кету керек, Еңбекту ауылына газ құбырын жүргізу үшін мемлекеттен 44 млн теңге бөлінген. Бас мердігер ұйым — «Спарта и КО» ЖШС, ал қосалқы мердігер ұйым — «Инжэнерго» ЖШС.

Данагүл ҚАЗИХАН,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button