Мәдениет

Ұстаз бен шәкірттің өнері

Ақтөбелік мәдениет саласының қызметкерлері наурыз айының соңынан бері жұртшылыққа онлайн-концерттерін ұсынып келеді. Үлкен-кіші үн қосқан шараға «Өркен» үлгілі балалар вокалдық тобының мүшесі, жас әнші Альмира Асанғали да атсалысты. Оның  ерекше форматтағы алғашқы концерті «Жайнай бер, өнер, жаңаша!» деп аталды. 

Мүмкіндігі шектеулі жас өнерпаз Альмира Асанғали жетекшісі Нұргүл Рамазановамен бірге инстаграм желісіндегі @Аktobe_ocnt парақшасы арқылы ән шырқап, тікелей эфирден көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. Көптеген республикалық, облыстық байқаулардың лауреатының орындауындағы, әсіресе «Мама», «Құтты ұям», «Кукушка» әндері жылы қабылданды. Оған әлеуметтік желілерге жазылған жағымды пікірлер мен жолданған «жүрек лүпілдері» (лайктар) дәлел. Тікелей эфирде өнерсүйер қауымның қолдауына риза болған Альмира да шексіз қуанышты екенін білдірді.

Онлайн-концертің басы-қасында жүрген «Өркен» үлгілі балалар вокалдық тобының жетекшісі Нұргүл Рамазанова да тебіренісін жасыра алмай, жан-жақты, күш-жігерін өнерден тапқан шәкірті Альмираның шығармашылығына тек табыс білдірді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button