Денсаулық

Шектеу шаралары күшейтіледі

Облыста карантиндік шаралар күшейтіледі. Соңғы аптада індет жұқтырғандардың саны өскен. Өткен тәулікте 33 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы облыста індетке шалдыққандардың саны — 487. Оның ішінде 42 адамның бойынан ауру белгісі білінбесе де вирус анықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, қазіргі күні жан сақтау бөлімінде 12 науқас жатыр. Оның ішінде бес адам жасанды тыныс алу аппаратына таңылған. Екі адамның жағдайы ауыр. Індет аудандарда  да жиі тіркеле бастады. Қазіргі күні Шалқар қаласында 34 науқас  коронавирусқа шалдыққан. Басқарма басшысы шектеу шараларын күшейту туралы қаулы дайындалып жатқанын айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button