Жаңалықтар

Электр желілері зақымданды, бағаналар құлады

Оқиға

Кеше, яғни 12 маусым күні таңертең Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде қатты жел тұрды. Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан бірнеше ғимарат пен электр желілеріне зақым келді.

Аталған ауданның әкімшілігінен білгеніміздей, таңғы сағат 6.00 шамасында қатты желден Қызылжар шағын ауданындағы орталық аурухана, Ж.Кереев атындағы орта мектеп, сондағы тұрғын үй мен Аққұдық көшесіндегі 2 тұрғын үйдің шатырына  зақым келді.

Сондай-ақ, аталған табиғи апат кезінде Шұбарқұдық станциясының теміржол бойында орналасқан 5,6,7 және 10-бағаналары да құлаған. Аққұдық көшесінің газ желісі, Н.Байғанин көшесінің бір бөлігі мен Шиелі, Асау-Барақ, Мектеп, Желтоқсан, Ж.Кереев, Аққұдық, Теріскей көшелерінің, вокзал алаңының электр желілеріне де соның кесірі тиген. ⠀

Атқарушы билік қазіргі таңда төтенше жағдай салдарын жою бағытында қажетті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button