Жаңалықтар

Сауда орындары мен қоғамдық көліктердің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның қаулысы шықты. Мәселен, қоғамдық көлік 6.00-ден 21.00-ге дейін жүреді. Азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарлары дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, жұма-жексенбі күндері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істейді. Ал азық-түлік дүкендері, супермаркет және гипермаркеттер сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Интернет және компьютерлік клубтар,  балалар аттракциондары, фудкорттар, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтары, саябақтар, скверлер, аллеялар, дәмхана, сауықтыру лагерьлері,   караоке клубтары уақытша жұмысын тоқтатады. Қаулының толық нұсқасы газеттің осы нөмірінде жарияланып отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, 48 адам індет жұқтырған. Оның ішінде 44 адам Ақтөбе қаласында тіркелсе, Мәртөк ауданында — екі, ал Қарғалы ауданында екі адам коронавирусқа шалдыққан. Барлық науқас жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар бақылауға алынды. Жалпы облыста 492 адам осы індетпен тіркелген.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button