Жаңалықтар

Мәселелер шешілді

Кәсіподақ

Облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы Татуласу орталығы «М-Техсервис» ЖШС-ның 36 қызметкерінің еңбекақысы мен демалыс мәселесіне қатысты ұжымдық өтінішін қарады.

«М-Техсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары вахталық ауысымнан келіп, бір ай демалыстан соң жұмысқа кіріспек болған. Алайда жұмыс беруші «сендер 1 ай прогулда болдыңыздар» деп еңбек табельдеріне демалыс қоймаған. Жұмысшылар бұған келіспейтіндіктерін білдірген. Өйткені олар демалыстан соң жұмысқа қосылмаған, жалақыларын алмаған.

Сондықтан жұмысшылардың, яғни бастауыш кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтарын қорғау мақсатында «М-Техсервис» серіктестігінің кәсіподақ төрағасы Қ.Базарбаев жұмыс берушіге ұжымдық хат жолдайды. Алайда жұмыс беруші бұл талаппен келіспегесін, кәсіподақтар орталығына жүгінеді.

Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев аталған мәселені қарап, екі тарапқа ашық ақпарат берді. Бұл жиынға Ақтөбе қалалық №2 сотының төрайымы Нәзира Аманқұлова және тағы басқа тиісті өкілдер қатысты. Келіссөздер мен түсіндіру жұмыстары барысында жұмыс берушілер мен кәсіподақ мүшелері, жұмысшылар өзара келісімге келді. Арызданушылар жалақыларын алып, жұмыстарына қайта кірісетін болды. Осылайша, кәсіподақтар қарапайым еңбек адамдарының құқығы мен мүддесін қорғап, істі сотқа жеткізбей, екі жақты татуластырып, мәселелерін  нақты шешіп берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button