Басты жаңалықтарЭкономика

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында су құбырлары жаңартылып жатыр

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбедегі Қарғалы, Ақшат елді мекендеріне жүргізіле бастаған су құбырлары желісі жобаларымен танысты.

Қарғалы елді мекеніндегі тозығы жеткен су құбырларын ауыстыру жұмыстары 2019 жылдың қыркүйек айында басталған. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы қалыпқа келтіру жұмысына 839 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ұзындығы 33,8 километр құбыр желісі жөнделсе, 16500 адам таза ауызсумен қамтылады. Ақшат елді мекенінде ұзындығы 15,11 километр болатын  800-ге жуық адамды және 220 жер учаскесін сумен қамтамасыз етуге арналған су құбырларын жаңадан салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба да «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында  іске асуда. Осы жылдың мамыр айында басталған құрылыс желтоқсан айында аяқталады.

Облыс басшысы 312-атқыштар дивизиясы атындағы даңғылдың ұзындығы 5000 метр болатын бөлігін, Сәңкібай батыр даңғылының 1600 метр бөлігіне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын бақылады. Аталған көшелерге асфальтты бетон жабындысын төсегеннен өзге, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер салынады, әрі жол қозғалысын бақылайтын құрылғылар орнатылады.

Облыс әкімі сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы темір бетон өндіруші «Строй Бетон Снаб» ЖШС-ында  болды. Кәсіпорын 2017 жылы ашылған. Күніне 600 метр бетонды төсемелерді шығаруға қауқарлы. Мұнда жергілікті 80 азамат жұмыс істейді. Құрылыс материалы Ақтөбе өңірінен өзге Атырау облысында да  сұранысқа ие. Кәсіпкер жобаны толық іске асыру үшін облыс әкімінен қосымша жер бөлуге көмектесуін  сұрады. Ақтөбе қаласының  әкімі Асхат Шахаровқа аталған мәселені зерттеп, қарау тапсырылды. Сондай-ақ қалада жұмыс орындары санын арттыру, мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды бақылау міндеттелді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
 

Басқа жаңалықтар

Back to top button