Денсаулық

Бес науқастың жағдайы ауыр

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Індет жұқтырғандардың жалпы саны – 349 науқас. Оның ішінде 277 науқас жазылып, үйіне шықты. Қазіргі таңда стационарда 72  науқас ем алып жатыр. Олардың қатарында тоғыз бала бар. Жалпы 34 бала осы індетке шалдықса, оның 25-і жазылып, отбасына оралған.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, ем алып жатқан науқастардың ішінде бес адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі жасанды тыныс алу аппаратына таңылған. Жағдайлары ауыр. Ал өзге емделушілердің денсаулығы қалыпты. Өткен тәулікте тағы алты адам коронавирус жұқтырған. Екі адамнан індет белгісі жоспарлы тексеру кезінде анықталса, үшеуі науқас адаммен байланыста болған. Қазір олардың барлығы арнайы ем алып жатыр. Басқарма басшысы тұрғындарды сақтанып жүруге шақырды. Себепсіз көшеде жүрмеу керектігін ескертті.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button