Әлеумет

10 отбасыға азық-түлік пакеті таратылды

Облыста  «QAMQOR QAZAQSTAN» əлеуметтік жобасы жалғасып жатыр.  Жобаны ҚР Кəсіподақтар федерациясының «KEA» (Kazakstan En’bek Аdamy) корпоративтік қоры және  «Келешек» жастар кеңесі бірлесіп  ұйымдастыруда.  Жобаның бас демеушісі — «Транстелеком» акционерлік қоғамы.

Жобаның мақсаты — аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсету. Қазіргі күні індеттің алдын алуға орай облыста осы жоба жүйелі  жүзеге асып жатыр. Көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетілуде.  «Келешек» жастар кеңесінің облыстық филиалы 10 отбасыға азық-түлік пакеттерін таратты. Тұрғындар ризашылықтарын білдірді.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button