Жаңалықтар

Министр есеп береді

17 маусымда ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов есеп беру үшін халықпен кездесу өткізеді.

Кездесу сағат 15.00-де онлайн режимінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрліктің Facebook, YouTube желілерінде трансляцияланады.

Тұрғындар министрге өз сұрақтары мен ұсыныстарын «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome), министрліктің ресми сайтында онлайн-қабылдау бөлмесіне (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru), ask@mti.gov.kz электрондық мекенжайына, сондай-ақ министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына жіберуге болады. Бұл ретте «Есептік кездесу үшін» деген белгіні қою қажет.

Өз сауалдарыңызға нақты, дұрыс ақпарат алу үшін оларды 10 маусымға дейін жіберуді сұраймыз.

Анықтама телефондары: 74-98-97, 8-701-701-01-34.

Басқа жаңалықтар

Back to top button