Жаңалықтар

Халыққа жағдай жасау – басты назарда!

29 мамыр күні «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровпен бірлесіп қаладағы «Терможаңғырту» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарынан өткен тұрғын үйлердің сапасын бақылау мақсатында және «Сапалы жол» жобасы аясында жөндеуден өткен жолдарға мониторинг жүргізді.

Жұмыс тобы алғашқы болып Әбілқайыр хан даңғылы көшесінде орналасқан 11 және 13-ші үйлердің жағдайымен танысты. Аталған үйлердің екеуі де 5 қабатты, 60 пәтерлі. Екі үй де 1963 жылы салынған және күрделі жөндеуді қажет етіп келді. Тұрғындарының үштен екі бөлігінің, яғни шамамен 40 пәтер иесінің келісімімен жөндеу, жаңғырту жұмыстары жасалды.

Бағдарлама аясында екі үйде кеңейтілген жұмыстар жасалды: бұл жертөлені, үйдің қасбетін, төбені жөндеу, подъездер жөнделді, жылу жүйесінің, суық және ыстық судың инженерлік желілері ретке келтірілді, екі үйдің электр сымдары толық ауыстырылды.

«Бұл бағдарламаның іске асуындағы адалдық алаңының алатын орны ерекше. Себебі біздің басты мақсатымыз күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою және қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасау. Ақтөбе – адалдық алаңынын жұмысы осы екі үймен ғана шектелмей, қазіргі таңда өз жалғасын табуда»,- деді «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев.

Жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны әр үйге 37 млн теңгеге шықты. Бюджеттік қаражатты пәтер иелері ай сайын төлеп қайтарады.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстарынан өткен үйдің бір бөлмелі пәтер иелері 2500, екі бөлмелі пәтер үшін 3600 теңгені құрайды. Бағасы пәтердің ауданына байланысты. Пәтер иелерімен қарызды 15 жылға дейін қайтарып беру туралы келісімшарт жасалады.

Жұмыс барысында қала әкімі Асхат Шахаров сол үйлердің тұрғындарымен кездесіп, жаңғыртудан өткен үйдің сапасы туралы тұрғындардың пікірлеріне ерекше көңіл бөлді.

Тұрғындардың айтуы бойынша жасалған жаңғырту жұмыстары сапалы және мердігер мекемелерге ешқандай наразылықтары жоқ.

Келесі кезекте жұмыс тобы «Сапалы жол» жобасы аясында  жөндеуден өткенБөкенбай батыр көшесін Әбілқайыр хан даңғылыжол қиылысына дейінжәне Зауыт көшесі бойынша автожолдың орташа жөнделуден өткен жолдардың жағдайымен танысты. Мониторинг жұмыстары барысында ешқандай кемшіліктер байқалмай, жолдың салыну сапасының жоғары деңгейде екені байқалды.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» аталған жұмыстармен шектеліп қоймай, жемқорлықты жою және халықтың өміріне қолайлы жағдай жасау жолында күнделікті еңбек етуде.

«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button