Жаңалықтар

Мерейлі сәтпен құттықтады

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, белгілі ақын, қарымды қаламгер Мейірхан Ақдәулетұлының 70 жасқа толуына байланысты Баспасөз үйінде құттықтау рәсімі өтті.

Жиынды ашқан «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин бұқаралық ақпарат саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан қалам иесінің шығармашылық жолы туралы айтып, құттықтады. Сондай-ақ журналистің иығына шапан жабылып, сыйлықтар тапсырылды.

«Шырақ-ғұмыр», «Бастау», «Дәруішнама», «Бейуақтағы мінәжат» атты жыр жинақтарымен жұртшылыққа жақсы таныс Мейірхан Ақдәулетұлы «Алтын Орда» газетінің бас редакторы, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры болып ұзақ жыл қызмет етті. Қазіргі уақытта республикалық «Адырна» журналына басшылық жасауда.

Оның бастамасымен облыста 50 томдық «Ақтөбе кітапханасы» кітаптар сериясы шығарылды. Ақтөбе қаласында еліміздің жетекші жазушылары мен ақындарының басын қосқан республикалық әдеби форум өтті.

Журналистикадағы еңбегі «Құрмет» орденімен,  «Ерен еңбегі үшін», басқа да медальдармен атап өтілген қаламгер қазір де шығармашылық шабыт үстінде. Той иесінің әріптестері осы жайларды айта келіп, жылы лебіздерін білдірді.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button