Әлеумет

Бірлестік 150 мың теңге берді

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндері «URANKZ» республикалық қоғамдық бірлестігі 15 отбасыға көмек көрсетті.

«Біз біргеміз» акциясына үн қосқан бірлестік мүшелері карантин кезінде көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылды. Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерімен бірлесіп, тізім арқылы азық-түлік себетін таратты. Олар сал ауруына шалдыққан азаматтар орталығына барып, 11 адамға қажетті заттарын алып берсе, жалғыз тұратын 84 жастағы  Михайлина Беловаға дәрі-дәрмегі мен күнделікті тұтынатын заттар алып берді.

«URANKZ» республикалық қоғамдық бірлестігі қоғамдағы патриоттық күштерді біріктіріп, экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешу үшін құрылған. Орталығы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бірлестіктің 11 облыста филиалдары ашылған. Аталмыш ұйым республикалық масштабта қайырымдылық акцияларын өткізіп, қиын жағдайда қалған азаматтарға көмек қолын соза береді, — дейді филиал басшысы Ізбасқан Айтжанов.

 Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button