Құрметті жерлестер!"/>
Басты бет » Басты жаңалықтар »

Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Қасиетті Рамазан айындағы жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын. БаршаңыздыОраза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза айт – мұсылман  қауымына ортақ ұлық мейрам. Бұл – өзін-өзі кемелдендіру және рухани тазалану кезеңінен өткен әлемнің барлық мұсылмандары үшін діни мерекелердің маңыздысы.Бір ай бойы төзімділік танытып ауыз бекіткен, ықыласпен қайырымдылық жасаған пенденің құрмет пен марапатқа, қуаныш пен сауапқа кенелетін сәті. Отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш мұсылмандардың бауырмалдығын күшейте түседі.

Бұл мереке – достық пен татулықтың мерекесі. Ол ізеттілік пен ізгілікке, бірлік пен игілікке үндейді. Елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстарды да ынтымаққа ұйыстыра түседі. Ораза айт игі істермен, жақындарға қамқорлықпен, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық, жанашырлық танытумен ескеріледі.

Ислам діні – барлық адамзатты тұрақтылық пен тыныштыққа шақыратынбейбітшілік діні. Сабырлы болу және басқаларды да сабырға шақыру– мұсылманға тән көркем мінездің көрінісі.

Биылғы Рамазан айы әлемді дүрліктірген пандемиямен тұспа-тұс келді. Соғансәйкес белгіленген шектеулерге сабырлылық танытып, түсіністікпен қарап, індеттің кең тарап кетпеуіне өз үлестеріңізді қостыңыздар. Індеттің беті қайтқанымен, қауіп толық сейіліп кеткен жоқ. Сол себепті жаппай дастарқан жайып,топтасып отыруға әлі ерте. Алла қаласа, індеттен толық құтылған соң, алдағы күндерде оның есесін толтырармыз.

Құрметті жерлестер!

Бұл қасиетті мереке күні өздеріңізге тағы да мықты денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!Жаратушы Иеміз қасиетті Ораза айт күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

Ізгі тілекпен,облыс әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН.