Жаңалықтар

Құрылыс жұмыстары қарқын алды 

Карантинге қарамастан, Темір ауданында көше hәм жолдарды көріктендіру жұмыстары ерекше екпінмен атқарылу үстінде. Тұрғындарға арналған түрлі нысандардың құрылысы да жүргізіліп жатыр. 

Әсіресе темірліктерді жаяу жүргіншілер жолының (тротуар) жайы ерекше толғандырып келгені рас. Биыл осы мәселеге қозғау салынды. Аудан орталығында ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстары қолға алынды. Аталған іске 94 миллион теңге қаржы бөлінген.

Сондай-ақ Шұбарқұдық кентінде тағы бір оң өзгеріс бар. Байырғы аумақтар —

Задепо, Қазақауыл шағын аудандарындағы көлік жолдарына алғаш рет асфальт салынбақ. Бүгінгі таңда Задепо шағын ауданының Депо, Абай көшелерінің автомобиль жолдарының құрылысын жүргізу мақсатында бюджеттен 104 миллион теңге аударылып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен.

Мұнда ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік бағыттарын қамтыған нысандардың құрылысы да айтарлықтай. Солардың бірі — Байғанин көшесінде салынып жатқан кәсіпкерлік нысаны. Бұл ғимараттың ішіне жеке кәсіпкермен шағын маркет, ет павильоны, тұшпара цехы және сүт қабылдау пункті қоса тұрғызылу үстінде.

Егер жоспарым ойдағыдай жүзеге асса, цех күніне 200 келі тартылған ет пен 1 тоннадай сүт өндіретін болады, — дейді кәсіпкер.

Бұған қоса іскер жігіт С.Жонысов Қызылжар шағын ауданынан мал сою пунктінің құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Жеке кәсіпкер аталған жобаларды іске асыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие алып, жыл соңына дейін қос нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтамақшы.

Айбек СЕРІКҰЛЫ, 

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button