Әлеумет

7 отбасыға азық-түлік пакетін таратты

Төтенше жағдай кезінде Ақтөбе қаласындағы білім ордалары да аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып жатыр. Қаладағы №47 мектептің жас еріктілері осындай жеті отбасыға азық-түлік пакеттерін таратты.
Жалпы аталған білім ордасында бұндай қайырымдылық шаралары жиі өткізіледі. Ұстаздар қоғамдық шараларға жиі қатысады. Кәсіподақ ұйымына көмек көрсетеді. Солардың бірі — бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Тапалова.
— Қазір мектеп қашықтан оқыту әдісіне көшті. Соған қарамастан балалардың шығармашылық жұмыстарына көп көңіл бөліп жатырмыз. Оларды онлайн түрде жарыстарға қатыстырамыз. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстар да назарымыздан тыс қалған жоқ. Төтенше жағдай кезінде мұқтаж отбасыларға жас еріктілер көмек көрсетуде, — дейді Айгүл Тапалова.
Бұндай шаралар әлі де жалғаса бермек.

К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button