Жаңалықтар

Интернат оқушылары жеңімпаз атанды

Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «Мектеп-интернат колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары Ресейде өткен IX халықаралық пәндік «Родник знаний-2020» интернет олимпиадасына қатысты.

Халықаралық олимпиада — есту мүмкіндігішектеулі оқушылар үшін барлық пәнді қамтыған маңызды бағыт. Бұл жарысқа есту қабілетібұзылған 2-10 сынып оқушылары мен пән мұғалімдері қатысады.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Төлебаеваның айтуынша,

«Родник знаний» олимпиадасы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады. Олар интернет арқылы өзінің білім деңгейлерін, жан-жақтылығын көрсетеді. Мәселен, олимпиадаға қатысқан оқушының дұрыс жауаптары электрондық жүйеде есептеледі. Осылайша үздіктер анықталады. Аталған жарысқа қатысқан 10-сынып оқушылары Қ.Балмағанбетов, Н.Бөкеев, Е.Жәрдемғали, Қ.Нұрғалиева, Д.Үркімбаева бірінші орынға ие болды. 7-сынып оқушысы Н.Тұрарова да үздіктер қатарынан көрінді. Бұл жеңіс — отыз жылдан бері осы балаларға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаз А.Мусееваның еңбегі. Жарыста жеңімпаз атанған оқушыларға мектеп-интернат директоры

Қ.Даутова алғысын айтты.

М. САҒЫНАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button