Жаңалықтар

Бағыңды сынап көр, студент!

Атаулы стипендия

Облыс әкімінің атаулы стипендиясына құжат қабылдау басталды.

Бір реттік стипендияны алуға жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының күндізгі, ақылы бөлімінде оқитын, оқу үлгерімі жақсы, облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген талантты, дарынды студенттер үмітті. Бірінші және соңғы курс студенттерінің үміткерлігі қаралмайды.

Атаулы стипендияға құжат тапсыруға ниеттенген студенттер өз оқу орындарының деканаттарымен байланыс жасаса болады. Оқу орындарының оқу бөліміндегі жауапты мамандар студенттерден қажетті құжаттарды жинақтап, облыстық жастар ресурстық орталығына әкеліп тапсырады. Құжаттар 25 мамырға дейін қабылданады. Үміткерлердің тізімін оқу орындары хаттамалық тәртіпте жасақтап, комиссия қарауына ұсынады. Комиссия отырысының күн тәртібінде әрбір мәселе бойынша шешім ашық дауыс беру түрінде және комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп дауыс берілген болса қабылданады деп есептеледі, — дейді облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлнар Қабиева.

Айта кетейік, өткен жылы ақтөбелік 177 студент облыс әкімінің атаулы стипендиясын иеленген болатын.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button