Әлеумет

2478 отбасы қамтылды

#BizBirgemiz

Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап Шалқар ауданында халықты әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

Аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің тапсырмасымен #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында жалпы аудан бойынша демеушілікпен 16 миллион теңгеден астам қаржы жиналып,2478отбасыға қайырымдылық көрсетілді.

Атап өтсек, Кішіқұм ауылдық округінің кәсіпкерлері қаламыздағыаз қамтылған 100 отбасыға 2 түйенің етін тегін таратса, рақымы мол рамазан айында Бозой ауылдық округінің кәсіпкері Нәсіпжан Лекеров көмекке мұқтаж 50 азаматқа өзінің зекетін үлестіре отыра, 1 түйенің етін таратып берді.

Сонымен қатар рамазан айында ауызы берік 300 адам ауызашар қоржындарымен қамтамасыз етілді. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы аса мұқтаж отбасылардың тізімін жасақтады. Бұл ретте аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттарды таратуға аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары,Nur Otan партиясының мүшелері, Jas Otan жастар қанатының жастары мен ерікті топтар белсенді түрде қатысып жатыр.

Мұндай әлеуметтік көмектер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Жайлыбай АЙЫМБЕТОВ,

Шалқар аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button