Әлеумет

Мәриям қажы көмек көрсетті

Балалардың санасында мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулып, ақыл-кеңесін беруден жалықпайтын жанның бірі — Мәриям қажы Сейіткамалова.

Атап айтар болсақ, Рамазан айында Мәриям қажы Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектепке 37 000 теңге қаржылай көмек көрсетті. Қажының бұл жасап тұрған алғашқы қайырымдылық ісі емес. Осыған дейін де мектептің барлық іс-шараларына, мерекелік концерттердің көпшілігіне дерлік демеушілік жасап келеді. Ол кісінің атына мектептен кабинет те ашылған.

— Мәриям қажы үнемі «жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, мүмкіндігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа» деп жүреді. Ол кісінің алдағы уақытқа жоспарлары көп. Мәселен, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, жеке шот ашып, аудан бойынша көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуді қолға алғысы келетінін айтқан болатын. Игі істерге мұрындық болып жүрген қайырымды жанға №1 орта мектеп ұжымының алғысы зор, — дейді мектептің әлеуметтік педагогі Б.Смағұлова.

А.ДАРХАНҚЫЗЫ,

Қандыағаш қаласы.

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button