Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша әрі қарай жүргізілетін шектеу шаралары және Ақтөбе қаласындағы карантин режимі туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК  САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

     15.05.2020 г.    ,

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша әрі қарай

жүргізілетін шектеу шаралары және Ақтөбе қаласындағы карантин режимі туралы

 Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Беркімбаева Нұрсұлу Алтынбекқызы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидасының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамыпрдағы №36 қаусына сәйкес, халық арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдеріне:

1.1. «Ақтөбе облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша әрі қарай жүргізілетін шектеу шаралары және Ақтөбе қаласындағы карантин режимі туралы» Ақтөбе облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №ПГСВ-26 қаулысының 2.3 тармағындағы жағдайларды қоспағанда, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салынсын.

1.2. Облыстың блокпостарында санитарлық-карантиндік бақылау жұмысын күшейтілсін және қамтамасыз етілсін:

1) басқа өңірлерден келетін адамдарды (оның ішінде Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының тұрғындарын) ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу өткізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулау;

2) басқа өңірлерден келген адамдарды (оның ішінде Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының тұрғындарын) зерттеу күнінен бастап 7 күннен аспайтын мерзімде өткізілген тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда тұрғылықты жері бойынша 14 күнге оқшаулау (үй карантин);

3) вахта қызметкерлері шығу/келу кезінде кәсіпорын басшысы вахтаға шығуға/кіруге дейін бес күнтізбелік күн бұрын Ақтөбе облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне және кәсіпорынның орналасқан жері бойынша оның аумақтық бөлімшелеріне шығу/келуге жататын вахта қызметкерлерінің ЖСН-і (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұратын мекен-жайы, байланыс деректері (ұялы телефон нөмірі) және қызметкердің тұрғылықты жері бойынша 14 күнге үй карантиндеу режимін міндетті түрде орындауы туралы қол қойылған қолхатын, сондай-ақ ПТР зерттеу күнінен бастап 7 күннен аспайтын мерзімде өткізілген тестілеу нәтижелерін ұсынады.

1.3. Тыйым салынсын:

1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге;

2) діни нысандарға баруға.

  1. Ақтөбе қаласында COVID-19 ауруы деңгейінің 7 күн ішінде (2020 жылғы 10-15 мамыр аралығында) 7% – дан жоғары өсуіне байланысты Ақтөбе қаласының әкіміне:

2.1. Ақтөбе қаласында келесі кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың жұмысын қайта бастауын тоқтата тұру:

1) азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарлары;

2) ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер;

3) спорт объектілері (спортшылар үшін);

4) сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да объектілер;

5) мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар;

6) автомобиль вокзалдары;

7) азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі;

8) жазғы сауықтыру лагерлері;

9) сауда орталықтары, үйлер;

10) фитнес клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері (халыққа арналған);

11) бассейндер, аквапарктер;

12) бильярд, боулинг орталықтары;

13) компьютерлік интернет-клубтар, ойын залдары;

14) букмекерлік кеңселер, лото.

2.2 тұрғындардың тұратын жерлерінен аса қажетсіз шығуын шектеу (тұрғын үйден шыққан кезде алдын алу шараларын, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет).

2.3. Ақтөбе қаласында 2020 жылдың 18 мамырдан бастап келесідей кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс жасауына рұқсат беру:

1) балаларға арналған түзету кабинеттері (топта 10 адамнан артық емес);

2) мәдениет объектілері (қызметкерлер үшін 50 адамға дейін, көрерменсіз);

3) туризм объектілері (демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.));

4) білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетитор, тілдік және т.б., топтарда 10 адамнан аспайтын));

5) отыратын орын саны 30-дан аспайтын және жұмысты уақытша 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелген қоғамдық тамақтану объектілері (жазғы кафе режимінде жұмыс жасау артықшылығымен);

6) сұлулық салондары, барбершоптар (тек алдын ала жазылу бойынша).

2.4. Жоғарыда көрсетілген объектілерге барған кезде алдын алу шараларын, масқалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

  1. Облыс аудандарының әкімдеріне:

3.1. 2020 жылғы 18 мамырдан бастап мынадай кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарының күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс жасауына рұқсат беру:

1) білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетитор, тілдік және т.б., топтарда 10 адамнан аспайтын);

2) мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар (жасы бойынша);

3) спорт объектілері (спортшылар үшін 50 адамға дейін, көрерменсіз);

4) мәдениет объектілері (қызметкерлер үшін 50 адамға дейін, көрерменсіз);

5) жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектеп және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай азық-түлік базарларына;

6) жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай азық-түлік емес базарларына (ғимараттардан тыс);

7) жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай ауданы 2 мың ш. м. дейін азық-түлік емес дүкендеріне;

8) жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша шектей және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отыратын орын саны 30-дан аспайтын қоғамдық тамақтану объектілеріне.

3.2. Жоғарыда көрсетілген объектілерге барған кезде алдын алу шараларын, масқалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. «Ақтөбе облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша әрі қарай жүргізілетін шектеу шаралары және Ақтөбе қаласындағы карантин режимі туралы» Ақтөбе облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №ПГСВ-26 қаулысының 2.2. тармағы 6) тармақшасы келесідей редакцияда баяндалып өзгеріс енгізілсін:

«әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                            Н. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button