Әлеумет

«Ауылдықтардың» көмегі

«Біз біргеміз!»

Рамазан айында «Ауыл» партиясының Ақтөбе облысындағы өкілдері «Агрофирма Коквест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен және «Ауыл» партиясының еріктілерімен бірге республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

— Алдын ала әлеуметтік әлжуаз топтардың тізімін жауапты басқармадан алдық. Шара барысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүгедек жандарға азық-түлік қоржындарын үлестірдік. Мұндай қоржын барлығы 50 адамға таратылды. Осындай қайырымдылық шаралары қазіргі жағдайда әлеуметтік әлжуаз топ өкілдері үшін материалдық әрі моральдық тұрғыда едәуір көмек деп есептеймін, — дейді «Ауыл» партиясының Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі Айгүл Байымбетова.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button