Жаңалықтар

Банк қызметі қалпына келтірілді

Ел аумағында төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Ақтөбедегі бірқатар бөлімшесі жұмыстарын қалпына келтіре бастады.

Банк филиалының өкілі Мақсат Заитовтың айтуынша, банктің әзірге Ә.Молдағұлова даңғылы мен Жанқожа батыр көшесінде орналасқан бөлімшелері ғана іске қосылды.

— Банк бөлімшелерінде халықтың көп шоғырлануын шектеу мақсатында келесі операциялар ғана жүргізіледі: депозит ашу, депозит бойынша кеңес беру, депозит шарттарын өзгерту, оны сату, жабу, ағымдағы шоттан ақша алу, несие бойынша қарыз алуға қатысты кеңес алу, несиенірәсімдеу, төлем қабілеттілігін бағалау, әскери бағдарлама бойынша кредиттік өтінімді рәсімдеу, «Нұрлы жер»және«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру, несие операциялары бойынша кеңес беру, кепілдік және несие келісім шартына қол қою, тапсыру, несие шарттарды өзгерту, тұрғын үй заемына көшу, несиені мерзімінен бұрын жартылай немесе толық өтеу, несие бойынша басқа да операциялар. Клиенттерге қызмет көрсету банктің hcsbk.кз сайты арқылы алдын ала кезекті онлайн брондау бойынша жүзеге асырылады. Қызмет көрсету сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі, — дейді М.Заитов.

 

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button