Әлеумет

15 мың теңге: өтініштер қабылданады

Мұқтаж азаматтарға коммуналдық төлемдер үшін мемлекет тарапынан берілетін 15 мың теңге қаражатты алу үшін электронды түрде өтініш беруге болады. Ақтөбе қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, жергілікті әкімдік төтенше жағдай кезінде коммуналдық төлемдерден жеңілдік жасау үшін белгіленген санаттағы азаматтардан өтініштер қабылдау мақсатында call-орталық құрған.

«Өтініш беру үшін aktobe15000v@mail.ru электрондық поштасына жеңілдік алушының аты-жөні, жеңілдік алушының санаты, ЖСН, баспана иесінің аты-жөні, дербес шоттарыңыздың нөмірі секілді мәліметтер жолдау қажет немесе төменде көрсетілген телефондарға хабарласуларыңыз керек:

+77021092785

+77021092571

+77021093225

+77021093485

+77021093517

+77021093528

+77021093560

+77021094295

+77021094264

+77021094223

Сондай-ақ +77021090534 WhatsApp/Telegram нөмірі бойынша өтініш беруіңізге болады» делінген хабарламада.

Өтініштерді қабылдау 13 мамыр күні сағат 14.00-ден басталды. Жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Сенбі, жексенбі — демалыс.

Өтініш беру үшін қоңырау шалар алдында барлық мәліметтерді әзірлеп алу қажет.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button