Ауыл

Ардагердің үйіне су кіргізіп берді

Ұлы Отан соғысы жылдары тылдажан қиярлықпен еңбек еткен ардагерлеріміз аз емес. Солардың бірі —  Еңбекту ауылының тұрғыны, 90 жастағы тыл ардагері Жолдасбай Қалжанов.

Бар саналы ғұмырын еңбекке арнаған ардагер бүгінде Қарабұтақ ауылдық округіне қарасты Еңбекту ауылында тұрады.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Еңбекту ауылының тұрғыныМедет Махамбетов бастаған сол ауылдың белсенді азаматтары өз қаржыларына Жолдасбай атаның үйіне су құбырын кіргізіп берді.

— Бұл — біздің тыл ардагеріне деген құрметіміз. Соғыс жылдары аталарымыздың дені майданда от кешсе, бірқатары тылда еңбек етіп, елдегі халықтың қамын ойлады.Ауылда Жолдасбай ата сияқты көп жасаған қарияларымыз аз. Сондықтан бірауыздан осы бастаманы қолға алдық, — дейді ауыл азаматтары.

 Данагүл ҚАЗИХАН,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button