Әлеумет

«Біз біргеміз»: 287 отбасыға көмек көрсетілді

Бүгінгі күні ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Карантиндік және провизорлық стационарлар жұмыс жасап тұр.

Ауданда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті. Облыстық тұрақтандыру қорынан бірнеше азық-түлік түрі арзан бағамен әкелініп, тұрғындарға ұсынылып отыр.

Төтенше жағдай режимінің жеңілдетілуіне байланысты ауданда бірқатар нысандар өз жұмысын жалғастырды.

Төтенше жағдай уақытында 14 санат бойынша 2002 адамға 24 567 824 теңгеге (1 айға) әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ауданда Nur Otan партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында өңірдің әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарына қайырымдылық көмек көрсетілуде. Осы уақытқа дейін аудан бойынша барлығы 287 отбасына 2 716 000 теңге көлеміндегі азық-түлік пакеті, гигиеналық құралдар, бетперде және ақшалай көмек көрсетілді.

Сонымен қатар қайырымдылық көмек ретінде тұрғындарға 1070 дана бетперде таратылды.

Аудан бойынша 42500 теңге әлеуметтік төлемін алуға 7786 адам өтініш берген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 5243 өтініш кері қайтарылған. Өтініштері тіркелген 2543 адамның 2435-іне төлем жасалды. Қалған бөлігіне төлемдер жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі мекеме-кәсіпорын басшылары күнделікті инстаграм желісінде тікелей эфирге шығып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруде. Осы уақытқа дейін тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан 500-ден астам сұрақ қойылып, тиісті жауап берілген.

Аудан әкімдігінде сall-орталық (8-71-343-21-6-86) жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге дейін аталған сall-орталыққа тұрғындар тарапынан 160-тан астам сұрақ түскен.

Данагүл ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button