Жеңіс

Елге оралған Орда

Жеңіс жаңғырығы

Орда Тағанақовтың тағдыры кешегі замандағы жан-жаққа тарыдай шашылған қазақ ұлты бастан кешкен қиын-қыстау кезеңдермен сабақтас. Соғыс басталғанға дейін олар Орынбор облысының Домбаров ауданында тұрады.

Осы жерден әскер қатарына шақырылған ол 2-Украина майданында қолына қару ұстап, 101-инженерлік-саперлік батальон құрамында жаумен шайқасқа түседі. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамына кіретін көптеген елді мекендерді неміс фашистерінің езгісінен тазартуға алдыңғы шепте жүреді.

Ол майдандағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады.

Жеңіспен елге оралған жауынгер шахтыда жұмыс істеп, Мария есімді арумен шаңырақ көтеріп, ұрпақ сүйеді.

1963 жылы олар Қарабұтақ өңіріндегі туыстарының шақыруымен елге, атамекенге көшіп келеді. Осында Қызылжұлдыз селосында қоныстанып еңбек етеді.

Орда атаның майдан жолдары, жауынгерлік ерліктері туралы Мария әже күні кешеге дейін, тоқсанға жақындап дүниеден өткенінше ұрпақтарына әңгімелеп отырады екен. Шалының құжаттарын, әскери билетін, марапаттау қағаздарын шүберекке орап, сандықтың түбіне салып ұстап, басқа ешкімнің қолына бермей, өзі ғана қарап отырған.

Орда атаның ұрпақтары қазір оның ел қорғаған ерлігін мақтан тұтады.

Молдабай АЛМАТОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button