Пікір

Баспана мәселесі мен ауыл еңбеккерлерін қолдау — басты назарда

Гүлжанат ЕРҒАЗИНА,«Ауыл шаруашылығын
қаржылай қолдау қоры»АҚ облыстық филиалының директоры,

облыстық мәслихат депутаты.

11 мамырда Төтенше жағдай режимін қамтама­сыз ету жөніндегі мемлекет­тік комиссияның қорытын­ды отырысы өтіп, жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінің аяқталатынын айтты. Дегенмен індеттің әлі толығымен жойылма­уына байланысты, каран­тиндік шектеулер біртіндеп алынатын болды. Біз бұған түсіністікпен қарауымыз ке­рек, өйткені бүкіл әлемде пандемия қаупі сейілмей, халықтың денсаулығына әлі де қатер төніп отыр.

Көптеген салада кәсіпо­рындар мен мекемелер қай­та іске қосылып, адамдар жұмысқа шығып, көшедегі қозғалыс та қайта жандан­ды. Осыған байланысты әрқайсысымыз санитарлық талаптарды сақтауға ба­рынша жауапкершілікпен қарауымыз керек. Тек сол арқылы ғана індеттің одан әрі өршуінің алдын аламыз.

Президент Қасым-Жо­март Тоқаев дағдарыс ке- зінде халықты, экономика­ны қолдау және одан кейінгі даму басымдықтарын ай­қындау мақсатында көп­теген өзекті мәселелерге тоқталды. Оның ішінде ха­лық үшін ең қуаныштысы — жыл соңына дейін баспана­мен қамтамасыз ету бағы­тындағы «Отбасы банкін» құру жөніндегі тапсырма. Жаңа «5-10-20» жобасы жас отбасыларға едәуір жеңіл­дік әкеледі деп сенеміз. Сонымен бірге жеке та­быс салығының айлық пен нақты түсіп тұрған табыс- тың деңгейіне байланыс- ты есептелуі де аз жалақы алып жүрген еңбеккерлерді қолдау бағытындағы нақты қадам екені сөзсіз.

Президент өзінің сөзін­де Қазақстан экономика­сының өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыру ке­рек екенін атап өтті. Соның ішінде отандық өнімдер мен құрал-жабдықтарды пайда­лану мәселесі өте орынды көтерілді. Бұл отандық өн­дірушілерге үлкен қолдау болмақ. Осы орайда әсіре­се ауыл шаруашылығы өн­дірушілерін қолдауға бағыт­талған бірнеше нақты жо­балар қолға алынғалы отыр. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін оқыту, олар­дың біліктілігін арттыру, ең бастысы, өнімдерін сатып алып, өткізу мәселелерін тиімді шешу көзделген. Мұ­ның бәрі 2 миллионға жуық ауыл еңбеккеріне өз та­бысын арттыру жолында септігін тигізбек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button