Ауыл

 Мал санын көбейткім келеді

Байғанин — мал шаруашылығына қо­лайлы өңір. Ерінбей осы кәсіптің соңына түскен адам шаруасын дөңгелетері анық. Аудан тұрғыны Батырбек Бекесов мал ша­руашылығымен айналысуды қолға алыпты.

— Аудан орта­лығында тұрақты жұмыс жоқ. Вахта­лық әдіспен компа­нияларда жұмыс істедім. Уақыт­ша болғандықтан ұзаққа бармады. Отбасын асырау үшін жұмыс ке­рек. Ойлана келе, «Атамекен» кәсіп­керлік палатасы­на хабарласып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыдым. Көп нәрсені үй­рендім. Бизнес-жоспар құрдым. Құжатта­рымды дайындап, грантқа өтініш бердім.

Нәтижесінде 500 мың теңге грантқа ие болдым. Бұл ақшаға екі сиыр сатып ал­дым. Қазір бір сиыр бұзаулағалы тұр. Жал­пы ауыл тұрғындары үшін осындай грант­тар көбірек бөлінсе, жұмыссыздар саны азаяр еді, — дейді Батырбек.

Шаруақор жігіт мал басын көбейткісі ке­леді. Ол үшін «Атамекен» кәсіпкерлік пала­тасына хабарласып, несие алмақ ойы бар.

— Ауылда өсіп, осы шаруаның қыр-сы­рын жақсы білетін болғандықтан, мал бағудан қашпаймын. Ерінбеген адамға малдың беретін пайдасы көп. Саусаң — сүт, сатсаң пұл болады. Алдағы уақытта сиыр мен қойдың санын көбейткім келе-ді, — дейді Батырбек.

Батырбектің үш баласы бар. Әйелі жұ­мыс жасамайды. Өзі құрылыс жұмыста­рымен айналысады. Алайда қазір еліміз­дегі төтенше жағдайға байланысты барлық шаруа тоқтап тұр. Сондықтан 42 500 теңге әлеуметтік көмек алыпты. Батырбек каран­тин мерзімі бітсе, бар шаруаның оңалары­на сенімді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button