Басты бет » Пікір » Ендігі міндет — орындау

Ендігі міндет — орындау

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университетінің ректоры, профессор.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының мәлімдемесінде ел экономикасының өзін-өзі қамтамасыз етуі, экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру сынды азаматтарды қолдау мен бизнесті дамытуға арналған бірқатар міндеттерді атады. Пандемиядан кейінгі Қазақстанның қадамы нық болуы аталған 7 міндеттің шешімін қажет етеді.

Еліміздің экономикасын, халықтың әл-ауқатын арттыруды мақсат еткен Мемлекет басшысы жүктеген 7 міндетті орындауғамықты мамандар аса қажет. Білікті маманды даярлауда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университеті барын салады. Өйткені қазақтың болашағы білімді жастар мен зерделі ғалымдардың қолында.

Білімнің ғана емес, тәрбиенің жаршысы — ұстаздар дәл осы қысылтаяң шақта қоғамның бағыт ұстанар темірқазығына айналуы тиіс. Шәкірт қана емес, бүкіл қоғам ұстазға қарайлап соның бағдарына мойынсынуы керек. Бұл ретте қарашаңырақ—Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университетінің ұстаздары, студенттері береке-бірліктің ұйытқысы ғана емес, үлгісі де бола алды.

«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» дегендей, қазақ елі індетпен күресіп жатқанда Мақтааралды су басты. Ақтөбе облысы өз кезегінде 50т азық-түлік, киім-кешекпен көмек қолын созды.

Жұмыр басты пенденің аяқ-қолын жіпсіз байлаған осынау бір ілкіде кездеспеген індетті Қазақ еліміндетті түрде жеңіп шығады. Ол үшін Абай айтқандай, әрқайсысымызға ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек керек.