Жаңалықтар

Аудан әкімі төрт ардагерді құттықтады

Соғыстан аман-есен оралып, елге келген соң жемісті еңбек еткен майдангерлердің төртеуі Мұғалжарда тұрады. Жеңіс күнінде Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Шериязданов пен әскери комиссар Дастан Танкиев Ұлы Отан соғысына қатысқан төрт ардагердің — Артем Проскурняның, Артығалы Дәулетовтің, Қазтай Тыныштықовтың, Өтеш Жалмағамбетовтің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтады. 

Аудан әкімі ардагерлердің әрқайсысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен Құттықтау хатын табыс етті.

Сосын Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің 9 Мамыр — Жеңіс күніне арналған  құттықтауын жеткізіп, «Ұлы Отан соғысына 75 жыл» мерекелік медалі мен «Жеңіс» сағатын табыстады.Сонымен қатар Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің жылы тілектерін жеткізді.

Майдангер ақсақалдардың бәрі де құттықтап келген аудан әкімі мен әскери комиссарға алғыс айтып, баталарын берді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button