Жеңіс

«Екі соғыстың ардагері»

Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл. Осы орайда соғыс ардагерлерінің ерлік істерін айту кейінгі ұрпақтың парызы. Сондай аты аңызға айналған жауынгердің бірі-Шам Пангереев.
Ол 1922 жылы 10- маусымда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келген.
Әкесі Пангерей, атасы Демесін өте ауқатты, елге сыйлы адамдар болған. Қазіргі Қобда ауданының Бегалы ауылының тұсын мекендеп, Тасымсай, Кәукенсай бойларын жайлау есебінде пайдаланған екен.
Шам Пангереев жасы 19ға толған бойда-ақ өзі сұранып майданға аттанады. Орел-Курск доғасындағы шайқас, Смоленск, Орша, Минск, Могилев қалаларын және басқа елді мекендерін жаудан азат ету және басқа сұрапыл соғыстарда көрсеткен ерлігі үшін ол «Қызыл Жұлдыз», » І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін»,» Жапонияны жеңгені үшін», «Фронтовик»тағы басқа медальдарымен марапатталған.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан соң Шам Пангереев Жапон милитаристеріне қарсы соғысқа аттанады. Сөйтіп екі бірдей соғысты бастан өткерген азамат елге оралып, енді бейбіт өмірдегі еңбек майданына араласады. Ойыл, Ырғыз аудандарында қаржы бөлімдерін басқарады. Ұзақ жылдар Мемлекеттік Банктың Ойыл аудандық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады. Білікті маман, әділдігі,турашылдығы үшін халық қадір тұтқан азамат атанады. Адал да қалтқысыз қызметі үшін» СССР қаржы қызметінің»үздігі деген ол кездегі жоғары атақты иеленеді. Банк қызметінде жүргенде ол аудандық кеңес депутаты ретінде ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету, жоғары кернеулі электр желісін жүргізу және басқа халық игілігі үшін атқарылатын көптеген жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып халықтың ризашылығын алған.
Шам Пангереев жұбайы Ақбергенқызы Қатира екеуі.. ұл-қыз тәрбиелеп өсірген,олар әр саланың беделді қызметкерлері.

Болат Шамұлы Пангереев.,

(Америка Құрама Штаттары, Хьюстон қаласы)

Басқа жаңалықтар

Back to top button