Жаңалықтар

Карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңі

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Жедел штаб карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңі 11 мамырдан бастап енгізілетінін хабарлайды.

11 мамырдан бастап қонақүйлер, хостелдер (тамақты бөлмеге жеткізу қызметімен),

жол бойындағы кемпингтер (тамақты бөлмеге жеткізу қызметімен) мен моншалар, сауналардың (10.00-18.00) қызмет етуіне рұқсат беріледі.

Белгілі бір қызмет түрлеріне рұқсат алу келесідей міндетті талаптарды орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады:

  1. Өндірістегі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сәйкес болуы;
  2. Нысанның дайындығы туралы акт алу;
  3. COVID-19 бойынша карантин кезінде жүргізілетін профилактикалық шараларға жауапты тұлғаларды бекіту;
  4. Қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарымен (бетперде, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілуі, жұмыс орындарында дезинфекцияның жүргізілуі;
  5. Нысанға қосалқы аумақтың санитарлық тазалығын үнемі қадағалау;
  6. Жұмысшылардың денсаулығы, COVID-19 жұқтыру және таралу қаупі үшін ұйымдардың басшылары мен иелері тікелей жауапты.

Туындаған сұрақтар бойынша облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөліміне хабарласуларыңыз сұралады: 744-611, 742-180 (ішкі 112), 416-397, 906-606 (Call-орталық).

Басқа жаңалықтар

Back to top button