Жаңалықтар

Індеттен айыққан науқастар дәрігерлерге алғысын айтты

Коронавирустан емделіп шыққан екі науқас ақтөбелік дәрігерлерге алғысын білдірді. Екеуі де өзге облыстың тұрғындары. Науқастар аты-жөнін айтудан бас тартты.

Науқастың бірі 15 сәуірде Мәскеуден келген.

Мәскеуден қатты жөтеліп келдім. Жағдайым ауыр болды. Елге келіп,кеден бекетінен өткенде мені дәрігерлер ауруханаға жеткізді. Таңертең сынама сараптамасын алды. Коронавирустың бар екенін анықтады. Мені Ақтөбедегі инфекциялық ауруханаға алып келді. Бұл жерде дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. Содан кейін барып жағдайым жақсарды. Негізі көп адам сенбейді. Бірақ ауру бар. Ауырған адамның мұрны иіс, ауызы дәм сезбей қалады. Бұған дейін менде бұндай жағдай болған емес. Өзім қатты қорықтым. Бірақ емнің арқасында аурудан айықтым. Жиырма күн ауруханада жатып, бүгін шығып бара жатырмын, — деді аты-жөнін айтудан бас тартқан азамат.

Емделген екінші адам да 21 сәуір күні Мәскеуден келген.

— Мәскеуде жүргенде үш күн қызуым көтеріліп ауырдым. Бірақ Ақтөбеге келгенде жағдайым жақсы болды. Тек мұрным иіс сезген жоқ. Кеден бекетінде сынама тапсырдық. Жатақханаға келдік. 23 сәуір күні сынаманың қорытындысы коронавирустың бар екенін көрсетті. Содан соң Ақтөбедегі инфекциялық госпитальге жатқызды. Бүгін менің ем алғаныма он үшінші күн болады. Барлық емді алдым. Дәрігерлер бізге өте жақсы көмек көрсетті. Алғысым шексіз. Бұл ауру әр адамға әртүрлі әсер етіп жатыр. Мәселен, менде жеңіл өтті. Мұрным иіс, ауызым дәм сезген жоқ. Қандай тамақ жесем де дәмін сезген жоқпын. Сынаманы екінші қайтара тапсырдым. Нәтижесі жақсы болып шықты. Дәрігерлерге алғыс айтамын, — деді науқасынан айыққан әйел.

Екі емделуші де ақтөбелік дәрігерлерге алғысын айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button