Мереке

Полицейлер марапатталды

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнінің 75 жылдығы қарсаңында облыстық полиция департаментінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 12 полиция қызметкері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың медальдарымен, грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев ерекше көзге түскен патрульдік полиция қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларына грамоталар мен медальдарды салтанатты түрде табыстады.

Учаскелік инспектор Нұржан Вактов ҚР Ішкі істерминистрінің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін»медалімен, полицей-кавалерист Файзулла Қуанышбек ҚР ІІМ Алғыс хатымен, полицияның учаскелік инспекторы Бахтияр Жақыпов ҚР ІІМ Грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар бірқатар инспекторға полиция лейтенанты алғашқы офицерлік погондары тапсырылып, үш патрульдік полиция қызметкеріне алғыс жарияланды.

Қанат Әлиев полицейлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, еліміз үшін осындай қиын уақытта қызмет еткендері үшін алғысын білдірді.

«Сіздер күн сайын қауіпті инфекцияның алдын алу бойынша алдыңғы қатарда еңбек етіп, күні-түні қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қызмет етіп жүрсіздер»,—деді Қанат Әлиев.

Салтанатты іс-шарадан кейін, полиция қызметкерлері мереке күніне қарамастан, қаладағы қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және карантин режимін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға аттанды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button