Басты жаңалықтарМереке

Отан қорғаушыларды құттықтады

7 мамыр күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе әскери гарнизонының  30238-әскери бөлімінде болды.

Аймақ басшысы Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай  рота командирі Пердехан Дауылбайға, мергендер взводының сержанты Болат Пакқа, Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Есенамановқа, Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімінің маманы Ерлан Костыровке, курсанттар ротасының командирі Азат Ахметовке алғыс хаттар табыстады.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – намысты азамат үшін үлкен мақтаныш әрі сын. Өйткені Отан қорғау –  тек нағыз азаматқа лайықты іс. Төтенше жағдай кезінде әскери жиынға ынта білдірген 150 азамат өз еріктерімен індеттің алдын алуға қатысты жұмыстарға көмектесіп жүр. Сонымен қатар 1000-ға жуық әскери қызметші блок-бекеттердің жұмысына тартылған»,– деді өңір басшысы.

Бұдан соң облыс әкімі жеке құрамның қару-жарақ көрмесін қарап шықты.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button