Жаңалықтар

Әуежай ішкі рейстерді қабылдауға әзір

7 мамыр күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе халықаралық әуежайында болды. «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Құсман аймақ басшысына әуежайдың дайындығы жөнінде баяндады. 

Басқарма төрағасы барлық санитарлық талаптардың орындалғандығын және әуежайдың ішкі рейстерді қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Көліктегі тауарлар мен қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Бақыт Жұмағалиев 11 мамыр күні аймақта шектеу шаралары жеңілдетілуі ықтимал болғанымен,  санитарлық талаптар күшейтіле түсетіндігін айтып өтті.  Азаматтар арасында арақашықтық сақталуы және жолаушылардың жол жүру құжатымен бірге,  денсаулығы туралы анықтама көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ жолаушылардың қызуы өлшеніп, ал  шығарып салушыларға ғимарат ішіне кіруге тыйым салынады.

Қауіпсіздік мақсатында әуежай алдына дезинфекциялық туннель орнатылған. Облыс әкімі азаматтардың денсаулығы үшін жасалған жұмыстарды оң бағалап, бірқатар кемшіліктерді атап өтті және оларды түзетуді тапсырды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button