Басты жаңалықтар

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Жол жөндеу жұмыстары сапалы әрі уақытында аяқталуы керек

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбеқаласы ішінде жалпы көлемі 19611 шақырымды құрайтын жолдың жөнделу барысын тексерді.  

Облыс әкімі қаланыңБатыс-2 шағын ауданынан Заречный-3 елді мекеніне дейінгі аймақтағы көше жолдарына жүргізіліп жатқан құрылысты өз көзімен көрді. Атап айтқанда, Сәңкібай батыр даңғылы, яғни Ә.Молдағұлова даңғылынан 12-шағын аудандағы айналма жолға дейінгі аумақ, Бөкенбай батыр, Ж.Досмұхамедұлы,Заводская, Зинченко, Гарнизонная көшелерінде қазір құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр.

Ақтөбеде автокөлік жолдарының ұзындығы — 651 шақырым, оның 300 шақырымы  асфальтты бетонмен жабдықталған. Жалпы саны 97 көшені жөндеу жоспары жасалған. Карантиндік режимге қарамастан, Ақтөбеде құрылыс жұмыстары  тоқтаған жоқ. Қазіргі таңда30 көшеде жол жөндеу жұмыстары басталып кетті.  Арынов, Сәңкібай батыр, Мәңгілік ел көшелеріндегі ұзындығы 5,3 шақырымды құрайтынжолға қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Ол үшін 2,133 млрд теңге бөлінген. Ал135,3 шақырым жолға күрделі және орта жөндеу жүргізіледі. Ол үшін 11,337 млрд теңге қаралған. Үш шақырым жол жаңадан салынады. Жалпы биыл жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде қала және қала шетіндегі көлемі 171 шақырымболатын елдімекендердің жолын жөндеуге республикалық бюджеттен 13,9 млрд теңгеқарастыру жоспарланған.Бұл өз кезегінде 2170 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсынан өткен «Прогресс кз», «АқтөбеКапРемстрой», «АССАНА-ДорСтрой», «ЕрхатЖолдары», «ИнтехцентрЛТД», «Aqto’be Qurylys Engineering»ЖШС секілді мердігер мекемелер жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Мемлекеттік сатып алу процесі мамыр айының ортасында толық аяқталады.Сол уақытта өзге де мердігер мекемелер белгілі болмақ.

Аталған жолдарға жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, веложолдар, Led жарықтандыру, көгалды шөп төсеу сынды жұмыстар жасалады. Сәңкібай батыр  даңғылындағыжолдың бір жақ бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал екінші бөлігі көлікқозғалысы үшін ашық. Алайда жұмыстың тым баяу жүріп жатқандығын байқаған облыс әкімі Сәңкібай батыр даңғылынан көліктердің қозғалысын тоқтатып, жұмысты қарқындату қажеттігін тапсырды. Айта кетсек, бұған дейін Бөкенбай батыр көшесінің бір жақ бетінде ғанасуағар жүйесі болатын. Орташа жөндеу жұмыстары барысында суағар жолдың екінші жағына да салынатын болады. Бұл өз кезегінде жаңбыр, қардан жиналған судың ағып кетуіне әрі жолдың ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

Жол сапасы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесі мамандарының  қатаң бақылауында. Жылжымалы зертхана технологияның сақталуын тексереді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытында аяқталуын қадағалап отыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button