Денсаулық

Көршісінен коронавирус жұқтырды

Облыста індет жұқтырғандардың саны тағы да бес адамға көбейді.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Бес адамның барлығы бұрын індет жұқтырғандармен байланыста болған. Оның екеуі коронавирус жұқтырған науқастың отбасы мүшелері болса, үшеуі — көршілері. Науқастар арнайы көлікпен ауруханаға жеткізілді.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі күні қалада 51 подъезд карантинге алынған. Тұрғындар он төрт күн бойы үйден шықпайды.

Жалпы облыста коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 169. Оның ішінде 33 науқас емделіп, үйіне шықты. Індетке шалдыққан 12 баланың үшеуі сауығып, ата-анасымен қауышты. Ал стационарда ем алып жатқандардың ішіндегі бір науқастың жағдайы ауыр болса, екеуінің денсаулығы орташа. Өзге емделушілердің жағдайы жақсы. Қажетті емдік шаралар жасалып жатыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button