Пікір

Жаңа қадамдар жалғаса береді

Естай ЖАЙЛЫБАЙ,

Ақтөбе өнеркәсіп технологиялар колледжінің директоры:

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын оқып шықтым. Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізге тосыннан келген індеттің қаншама қиындықтар әкелгенін, оны таратпау үшін қандай көптеген жұмыстар атқарылғанын айтыпты. Оның ішінде білім саласына да айрықша тоқталған. Оқушылар мен студенттердің уақтылы әрі талапқа сай қашықтан оқуын жалғастырулары үшін барлық жағдайдың жасалып, мәселенің тез арада шешілгенін айта келе, «Шәкірттеріне қашықтан білім беріп жатқан ұстаздар қауымына ризашылық білдіремін», —  деп жылы лебізін білдірді.

Орта арнаулы білім беру ұйымдары жаңа форматтағы білім беру тәсіліне наурыз айының ортасында кірісіп кеткен болатын. Кейбіреулердің жазған күмәнді пікірлеріне қарамастан, білім беру мекемелері мен қызметкерлері бұл міндетті абыроймен атқаруда деп айта аламыз. Әрине,бұл оңай жұмыс болған жоқ. Түйткілді мәселелер де жоқ емес. Бұл мәселелер біздің алда атқаруға және шешуге тиіс мақсаттарымызды айқындап берді. Білім мекемелері енді жаңа бағытқа, қашықтан оқытуды одан әрі дамытуға белсенді кірісетін болады. Оны іске асыруға еліміздің, оның ішінде біздің облыс ұстаздары мен білім саласы қызметкерлерінің білімі мен күш-қуаты жететінін қазіргі кез дәлелдеп берді. Ғылым, техника мен технология бір орнында тұрмайды. Ұстаздар қауымы да уақыт көшінен қалмай, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін игеріп, оқу процесіне ендіре беретініне сенімдіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button