Жастар

Жастар Мақтааралға көмек жинап жатыр

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жастары мен «Жұбанов жылуы» еріктілер клубы #Мақтааралғакөмек акциясын қолға алды. Су астында қалған елді мекен тұрғындарына көмек көрсету мақсатында университет жатақханасында арнайы пункт ашылып, қол жинай бастады.

Университеттің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нарқозы Қартжанның айтуынша, қайырымды жандар тарапынан алғашқы ақшалай көмек түсе бастаған.

— Апат айтып келмейді. Мақтаралдағы бауырларымыз үшін ақтөбеліктер тағы да бірігіп, бірауыздан көмек көрсетіп жатыр. Біздің білуімізше, су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындары үшін Ақтөбе облысынан алғашқы гуманитарлық көмек 7 мамыр күні жөнелтіледі. Уақыт, әрине, өте тығыз. Университет қызметкерлері тарапынан алғашқы қаржылай көмек түсе бастады. Сондай-ақ киім-кешектер мен азық-түлік әкеліп жатқан қайырымды жандар да бар, — деген Нарқозы Қартжан әлеуметтік көмек көрсету пунктінің №1 Студенттерүйінде орналасқанын айтты.

Тұрғындар тарапынан кез келген көмек түрін қабылдаймыз. Бастысы — әкелген азық-түліктердің жарамдылық мерзіміне мән берсе болғаны. Ал ақшалай қаражат «Жұбанов жылуының» бұған дейін құрылған қорына жиналып жатыр. Ақшаны «Каspi.kz» қосымшасы арқылы да аударуға болады. Толығырақ ақпаратты 87029862085 телефон нөміріне хабарласып немесе ағайынды Жұбановтар көшесі, 280 мекенжайына келіп білуге болады, — дейді.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button