Жаңалықтар

Хромтауда 40 саяжай үйшігі бұзылады

Қазір Хромтау ауданында көктемгі санитарлық-тазалау жұмыстары қарқын алған. Қаланы көркейту, абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында аудан орталығындағы саяжай учаскелерін ретке келтіру мәселесі де басты назарға алыныпты. 

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, көктем шыққалы иесіз қалған саяжай учаскелеріндегі үйшіктерді бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені мұндай нысандар шаһар көркін кетіріп, сұрықсыз көрінеді.

Бүгінгі күні бұл жұмыстарға 10 адам, 4 бірлік техника жұмылдырылған.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, алдағы уақытта осындай 40-қа жуық учаскедегі үйшіктер бұзылып, айналасы ретке келтірілмек. Қазір мұндағы күл-қоқыстар арнайы полигонға шығарылып жатыр.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button