Әлеумет

1880 отбасыға қайырымдылық көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде Шалқар ауданы бойынша әлеуметтік осал топтағы тұрғындар мен аз қамтылған отбасыларға бірқатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

Шалқар аудандық жұмыспен қамту орталығының берген мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін демеушілер тарапынан 12 миллион 500 мың теңгеге жуық қаржы жиналып, 1880 аз қамтылған отбасыға қайырымдылық  көрсетілді.

Сондай-ақ Nur Otan партиясының өкілдері қала және ауылдық округтердегі аз қамтылған отбасыларға вирустың алдын алу мақсатында 26 912, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға 11 000 медициналық бетперде таратты. Аудандағы жеке кәсіпкер Сартай Ақжанов блок-бекеттерде тұрған қызметкерлерге арнайы киімдер, гигиеналық құралдар, бетперделер мен антисептиктер таратып, көмек көрсетті.                                                                                                                                                                               Кішіқұм ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастырумен 2 ірі түйе сойылып, азқамтылған 100 адамға үлестірілді.

Төтенше жағдай кезінде қала және ауылдық округтердегі аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жұмыстары әлі де жалғасатын болады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button