Жаңалықтар

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Жедел штабтың ақпараттық хабарламасы

Құрметті ақтөбеліктер!

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Жедел штаб қызметтің жекелеген түрлеріне карантин режимін жұмсарту туралы шешім қабылдады.

Шектеулерді алып тастау 3 кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап, келесідейқызмет түрлеріне рұқсат етіледі:

– өндірістік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылысы, көлік компаниялары, банктер және қаржы ұйымдары, халыққа және автокөліктерге қызмет көрсету орталықтары;

– сауда және қызмет көрсету салалары: азық-түлік дүкендері, дәріханалар, оптика, ательелер, ломбардтар, айырбастау пункттері, нотариалдық қызметтер, сақтандыру қызметтері, фотосалондар, киімжуу және химиялық тазалау орындары, кілем тазарту, аяқ киім жөндеу, кеңсе техникаларын жөндеу шеберханалары, техникалық бақылау станциялары, дөңгелекжөндеу, көлік жуу нысандары;

10.00-ден 18.00-ге дейін гүл сату, құрылыс дүкендері, көшеттер сату, автосалондар мен тұрмыстық техника дүкендері;

– бағбандық ұжымдардың қызметі (растайтын құжаттар болған жағдайда).

Белгілі бір қызмет түрлеріне рұқсат алу келесідей міндетті талаптар орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады:

  1. өндірістегі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндетті талаптарына сәйкес болуы;
  2. Нысанның дайындығы туралы акт алу;
  3. COVID-19 бойынша карантин кезінде жүргізілетін профилактикалық шараларға жауапты тұлғаларды бекіту;
  4. қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарымен (бетперде, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілуі, жұмыс орындарында дезинфекцияның жүргізілуі;
  5. нысанға қосалқы аумақтың санитарлық тазалығын үнемі қадағалау;
  6. жұмысшылардың денсаулығы, COVID-19 жұқтыру және таралу қаупі үшін ұйымдардың басшылары мен иелері тікелейжауапты.

Эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, қалыпты динамикасы болған жағдайда 2-кезеңді 8 мамырдан, 3-кезеңді 15 мамырдан енгізу қарастырылады.

Мекемелердің қызметіне рұқсат берудің келесі кезеңдері туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Туындаған сұрақтар бойынша облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінехабарласуларыңыз сұралады: 742-180 (ішкі 112), 416-397, 906-606 (сall-орталық).

Басқа жаңалықтар

Back to top button