Жаңалықтар

10 557 адам 50 мың теңгеден жәрдемақы алды

Тікелей эфир

Кеше Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов тікелей эфирде облыс тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

Оның айтуынша,Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорына кәсіпкерлер мен демеушілерден 23,5 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Көмектің алғашқы толқынындааталған қордан Ақтөбе қаласындағы 7894 адамға 7 санат бойынша қаржылай көмек көрсетілген.

Ал 27 сәуірден бастап мұқтаж азаматтарға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталып, бүгінге дейін 10 557 ақтөбелік 50 мың теңгеден жәрдемақы алған.

Елбасы — Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған қор аясында бүгінге дейін екі кезең бойынша мұқтаж азаматтарға көмек берілді. Бірінші кезеңде біз 7 санат бойынша 394 миллион теңгені толық игерсек, қазір негізінен 3 санат бойынша қолдауға шын мұқтаж адамдарға 50 мың теңгеден қаржылай көмек беріп жатырмыз. Сондай-ақ бүгінге дейін 3 мыңға жуық отбасыға 20-25 мың теңге көлемінде азық-түлік жиынтығын үлестірдік. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, — деді ол.

Тікелей эфирде Ербол Данағұлов тұрғындардан«Birgemiz» қоры және мемлекет тарапынан 1-2 топтағы мүгедектерге, көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға берілетін біржолғы көмекке байланысты қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Сондай-ақ бағдарлама аясында бірқатар азаматтар Nur Otan партиясына төтенше жағдай кезінде көрсеткен қолдауы үшін шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button