Әлеумет

Ауызашар беру сауабынан құр қалмайын десеңіз…

Рамазанда ораза ұстаған жанға ауызашар беру — сауапты іс.

Алайда COVID-19 пандемиясына байланысты шектеу шаралары кезінде ауызашар дастарқанын жайып, үйге немесе дәмханаға қонақ шақыру мүмкін емес. Осыған байланысты еліміздегі мешіттер рамазанда «Ауызашар қоржынын» табыстау мақсатында қайырымдылық акциясын қолға алды. Қайырымдылық шаралары мешіттердің Kaspi банктегі есепшотына аударылған көпшілік қаржысына ұйымдастырылады.

28 сәуірде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті осы акция шеңберінде 50 отбасыға «Ауызашар қоржынын» таратты. Ауызашар қоржындарында құрма, күнбағыс майы, сүт, т.б. күнделікті тұтынылатын азық-түлік түрлері бар. Қайырымдылық шарасы ақтөбеліктердің«Каспий голд» арқылы аударған қаражаты есебінен ұйымдастырылып, азық-түлік көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға таратылды.

Егер сіз де «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық акциясына үлес қосқыңыз келсе, «Каспий Голдтан»+7 777 434 60 56 нөмірі арқылы шамаңыз келгенше қаржы аудара аласыз.

 Г.ТӨРЕДИНҚЫЗЫ, 

облыстық орталық  «Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button