Басты жаңалықтарЭкономика

Ферроқорытпа зауытының №43 пеші іске қосылды

Сейсенбі күніоблыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болып, балқыту цехындағы пешті қыздыру рәсімін іске қосты.

Елдегі төтенше жағдай кезінде «Қазхром» мекемесінің мамандары қысқа мерзімде №4 балқыту цехының №43 пешіне жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Бұлферрохром өндіру ісінде жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал етпек.

Компания басшылығы облыс әкіміне бастапқыда маңызды жоба Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мердігер компанияларға сеніп тапсырылмақ болғанын, алайда COVID-19 пандемиясына байланысты мердігер компания жұмысты бастай алмайтындығын жеткізді.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бұрын-соңды мұндай  ауқымды жұмыстарды өз күшімізбен орындап көрмеген едік. Бірақ төтенше жағдай шарттарына сәйкес, бізге ерекше сын болды. Бастапқыда біз белгілеген мерзімге ешкім сенбеді. Жұмысты орындау үшін біз бұрын осындай тәжірибе жинақтаған Ақсу қаласындағы филиалымыздан жөндеу қызметі мамандарын шақырттық. Өңір басшысының қолдауының  арқасында олар Ақтөбеге кіретін блок-бекеттерден еш кедергісіз өтті. Бұл бізге маңызды жобаны уақытында жүзеге асыруға мүмкіндік берді, — деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов.

Нәтижесінде жөндеу жұмыстарын әлемдік компанияның талап еткен мерзімінен бұрын, яғни 65 тәулікке жоспарланған жұмыстар 54 тәулікте аяқталды. Жоба құны 7 млрд теңгеден асады.

Бүгінгі таңда зауытта жұмыстың келесі кезеңі — америкалық «Hotwork» компаниясы жүзеге асыратын пешті қыздыру жұмысы басталды. Күрделі жөндеуге дейін №43 пеш 40-50 МВт қуатпен жұмыс істеді. Ауқымды жұмыстардыңтиянақты іске асырылуының нәтижесінде пеш қуатын 2020 жылдың екінші жартыжылдығында 65-70 МВт-қа дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button