Абай — 175

Онлайн байқаулар өтті

Байғанин ауданында ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай біраз  шаралар онлайн режимінде ұйымдастырылып жатыр.

Жақында ғана аудандық «Сөз бен сурет» онлайн-дуэт байқауы өтті. Шараға өңірдегі мектеп оқушылары белсене қатысты. Қорытындысында аудан орталығындағы №4 мектеп-гимназияның оқушылары Арман Дүйсен мен Әмина Дүйсен («Жазғытұры») және Дәулет Жаңабай мен Кәусар Мұралбай («Желсіз түнде жарық ай») жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Сондай-ақ оқушылар «Абай — дана, Абай — дара қазақта» деген атпен  Абайдың қарасөздерінен челлендждер ұйымдастырды. Оның ішінде Қарауылкелді орта мектебінің оқушысы Айгерім Нұржанқызы мен Әсем Аманкелдінің еңбектері жоғары бағаланды. Айта кету керек, Айгерім Нұржанқызы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қашықтан өткізілген облыстық эссе байқауына қатысып, 2-орынға ие болды.

Ал Қ.Жазықов атындағы орта мектептің оқушысы Қазина Нұртазина Абай атамыздың өлеңдерінен челлендж өткізуге ұйытқы болды. Оны аудандағы барлық білім шаңырақтарының оқушылары жалғастырып жатыр.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button