Денсаулық

18 студент індет жұқтырған

Қазіргі күні облыста індет жұқтырғандардың жалпы саны 55 адамға жетті. Оның ішінде 11 адам емделіп шықты. Коронавирус жұқтырғандардың қатарында 18 студент бар. Олар Мәскеу, Уфа, Қазан қалаларында оқып жатқан жастар. Осыдан екі күн бұрын Мәскеуден келгендер.

— Індет жұқтырған студенттердің барлығы стационарға жатқызылды. Ем алып жатыр. Жалпы стационарда 44 адам емделуде. Коронавирус жұқтырған студенттермен жақын байланыста болған 20 студент он төрт күн стационарлық карантинде болады. Ал өзге студенттер үйіне жіберіледі. Әуе, теміржол қатынасы тоқтап тұрғаннан кейін, олар үйлеріне  автобуспен ғана қайтады. Қазір бірқатар облыс осы мәселені шешудің жолын қарастырып жатыр. Жастардың алғашқы легі  жолға шықты. Олар үйлеріне барғаннан кейін он төрт күн сыртқа шықпай, карантин талабын сақтайды, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Сондай-ақ «Теңізшевройл» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасап жатқандардың екінші тобы келді. Барлығы 417 адам карантинге алынып, тексеріліп жатыр.

Кәмшат СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button