Әлеумет

42500 теңге алуға өтінім беру жалғасуда

Төтенше жағдай салдарынан жұмыстары уақытша тоқтап, табыстан қағылғандар үшін берілетін әлеуметтік төлемге өтінім беру әлі де жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 474 400 азамат әлеуметтік төлем алуға өтінім берді, оның 179 936-сына ғана аталған төлем төленді. Бұл деректі бізге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова айтты.

— Қандай да бір себеппен бірінші айда өтінім беруге кешігіп қалғандар екінші айда беруіне болады. Төтенше жағдай мерзімінің соңғы күніне дейін өтінім қабылданады. Алайда бірінші айда өтінім беріп, оған оң нәтиже ала алмаған адам екінші рет бермей-ақ қойғаны жөн, — дейді Бұлбұл Ораққызы.

Ал егер азамат әлеуметтік төлем алуға өтінім беріп, бір рет оны алған болса,қайталаудың қажеті жоқ. Себебі төлем алушы туралы барлық деректер ақпараттық жүйелер базасында сақталады, сондықтан есепшотына келесі айда да төлем түседі.

Азаматтар жеке сәйкестендіру нөмірін қате тергендіктен еліміз бойынша 60 мыңдай өтінім кері қайтарылған. Сондықтан да өтінім беруші мәліметтерін асықпай, мұқият, дұрыс толтырғаны жөн. Еңбек министрінің айтуынша, өтінім беру төтенше жағдай режимі аяқталғанша жалғасады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button